Астанада 20–24 сәуір аралығында ресми іс-шараларға байланысты кортеждер мен кептелістер күтіледі

Келесі аптада Астанада кортеждер мен жол кептелістері болуы ықтимал, себебі елорда бірқатар ресми және халықаралық деңгейдегі іс-шаралар аясында қонақтарды қабылдайды.
Жоспарланған іс-шаралар:
- 20–23 сәуір — Моңғолия басшысы Ухнаагийн Хурэлсух Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.
- 22 сәуір — Аралды құтқару халықаралық қоры мемлекет-құрылтайшы елдер басшылары кеңесінің отырысы өтеді.
- 22–24 сәуір — елордада БҰҰ қамқорлығымен өңірлік экологиялық саммит ұйымдастырылады. Саммитке елдер басшылары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері келеді.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


