Трамп: Иран порттарына қойылған блокада Тегеранмен бейбіт келісім жасалғанға дейін алынбайды

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран порттары Тегеранмен бейбіт келісім жасалғанға дейін бұғаттаулы күйінде қалатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ Иранмен соғысты тоқтатуға бағытталған бейбіт келісімге қол жеткізілмейінше, блокаданы алып тастамайды.
Трамп әлеуметтік желідегі жазбасында блокаданың Иранға ауыр соққы болып отырғанын атап өтті.
"Блокада, которую мы не снимем, пока не будет достигнута "сделка", абсолютно разрушает Иран. Они теряют 500 миллионов долларов в день, что является неприемлемым показателем даже в краткосрочной перспективе", — написал Трамп в социальных сетях.
Трамптың мәлімдемесі Иранның Исламабадта дүйсенбі күні өтуі тиіс бейбіт келіссөздердің екінші раундына делегация жібермейтінін хабарлағанынан кейін жасалды.
Сонымен қатар Ормуз бұғазындағы кеме қатынасы қайтадан қиындағаны айтылды, өйткені Тегеран мен Вашингтон бөлек блокадалар енгізген.
Бұған дейін Дональд Трамп журналистерге Иранмен жасалған бітім тоқтатылған жағдайда "массированные бомбардировки" болуы мүмкін екенін мәлімдеген. Бұл шешім жексенбі күні АҚШ Ормуз бұғазы маңында өздерінің әскери-теңіз блокадасын айналып өтпек болды деп есептеген, Иран туы астындағы TOUSKA жүк кемесін ұстап алғаннан кейін қабылданған.
Аталған кеме АҚШ ӘТК өткен аптада Иран порттарын бұғаттауды бастағаннан бергі алғашқы ұсталған кеме болды. Бұл қадам Тегеранның стратегиялық су жолын жабуына жауап ретінде жасалғаны және елге қарсы американо-израиль соғысы 28 ақпанда басталғаны көрсетілді.


