Еңбекшіқазақ ауданында 40-тан астам ауыл тұрғыны 35 жастағы алаяқтың құрбаны болды

Еңбекшіқазақ ауданында 40-тан астам ауыл тұрғыны 35 жастағы алаяқ әйелдің құрбаны болды. Ол адамдардың сеніміне кіріп, зейнетақы жинақтарын қолма-қол ақшаға айналдыруға көмектесемін деп уәде берген, алайда іс жүзінде олардың ақшасын алып кеткен 💰
📍 Келтірілген шығын 1,5 млн теңгеден асты.
👮♀️ Күдікті — Алматы қаласының тұрғыны. Ол ұсталды. Полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп, оның осыған ұқсас басқа жағдайларға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
⚠️ Маңызды: Зейнетақыға қатысты барлық мәселелер тек ресми мемлекеттік органдар арқылы шешіледі. Төлемдер, кредиттер немесе салымдарды қайтаруға көмектесемін деп уәде беретін бейтаныс адамдарға сенбеңіз.
Күмән туындаған жағдайда — бірден полицияға жүгініңіз.
#мошенничество #пенсионныенакопления #Енбекшиказах #полицияАлматы #предупреж


