Қазақстанда сирень бұтағын сындырғаны үшін 216 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін

Қазақстанда сирень немесе басқа да гүлдеген бұтақтарды үзіп, букет жасау әрекеті айыппұлға әкелуі мүмкін. Өсімдіктерді жұлу немесе зақымдау үшін 216 мың теңгеге дейін айыппұл салынатыны ескертіледі.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске (ҚР ӘҚБтК 381-1-бап) сәйкес, қоғамдық орындарда бұталарды, оның ішінде сиреньді зақымдау әкімшілік жауапкершілікке жатады. Жеке тұлғалар үшін айыппұл мөлшері 50 АЕК-ті құрайды (шамамен 216 мың теңге).
Сонымен бірге, өсімдіктің қай жерде өсіп тұрғаны маңызды. Егер ол жеке аумақта орналасса, шешімді жер учаскесінің иесі қабылдайды. Зиян келтірілген жағдайда, иесі өтемақы талап етуге құқылы.
Мамандардың айтуынша, бұтақ сындыру өсімдікке зиян келтіреді, өйткені оның дұрыс өсуі үшін сауатты кесу қажет. Әлеуметтік желілердегі белсенділер жасыл желекке ұқыпты қарауға шақырып жүр.


