Алматы облысында республикалық маңызы бар жолдарға лазерлік жүйелер орнатылды

Алматы облысында республикалық маңызы бар автожолдарда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғалары (ЖКО) санын азайту мақсатында лазерлік жүйелер енгізілді.
Полицияның мәліметінше, лазерлер жол үстіндегі бұрыннан бар аркаларға бекітілген. Қазір олар мына учаскелерде жұмыс істеп тұр:
- Алматы – Өскемен тасжолының 52-шақырымы;
- Алматы – Шелек – Қорғас жолының 38-шақырымы және 204-шақырымы.
Полиция лазерлердің міндеттерінің бірі ретінде жүргізушілерді сергек ұстауға бағытталған «орташа визуалды тітіркендіргіш әсерді» атады.
"Лазерлік қондырғылар қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қосалқы функциясын атқарады, әсіресе қараңғы уақытта және қолайсыз ауа райы жағдайында. Жарық сәулелері жүргізушілердің зейін қоюын арттыруға ықпал ететін орташа визуалды тітіркендіргіш әсер қалыптастырады", – делінген полиция хабарламасында.
Бұған дейін ІІМ жаңа жүйенің жұмыс істеу қағидатын Астана — Қарағанды — Алматы тасжолының бір учаскесі мысалында егжей-тегжейлі көрсеткен. Ол жерде жол үстіндегі арнайы аркаларға 11 лазер орнатылған. Олар көлік қозғалысының бағыты бойынша жарық сызықтарын проекциялайды.
Сәулелер алыстан да байқалады — жүргізуші жолдың қай жерден өтетінін алдын ала түсінеді. Сонымен қатар жарықтандыру тұрақты емес: ол цикл бойынша өзгеріп отырады — түсі мен сәулелер саны ауысып, бұл қосымша назар аудартуға көмектеседі.
Еске салайық, мұндай технология 2025 жылғы қыркүйекте республикалық маңызы бар Астана – Теміртау автожолында тексерілген.
Ал 2026 жылы лазерлер Қазақстандағы ақылы трассалардың 22 учаскесінде пайда болды.
Сондай-ақ: Автокөліктер үшін шекарадағы күту аймақтарын өзгертуді жоспарлап отыр - жүргізушілерге нені білу маңызды.
Қытайлық көліктер Қазақстан жолдарын жаулап алды! Ал сен оларды ажырата аласың ба? Біз көмектесеміз! Қытай авто әлемі спецжобамызға кір - маркалар, брендтер және өндірушілер туралы бәрі осында!


