Шымкентте жол ережесін өрескел бұзған үйлену тойының автокортежі тоқтатылды 🚨

Шымкентте үйлену тойының автокортежіне қатысқан жүргізушілер тарапынан жол қозғалысы ережелерінің өрескел әрі жүйелі түрде бұзылуының жолы кесілді.
Қозғалыс барысында жүргізушілер қарсы қозғалыс жолағына шығу, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту, кері жүріспен қозғалу және өзге де қауіпті маневрлер жасау фактілеріне жол берген. Бұл әрекеттер жол қозғалысына қатысушылар үшін нақты қауіп төндірген.
Бейнебақылау жүйелері мен полицияның жедел әрекеттерінің нәтижесінде барлық көлік құралдары анықталып, тоқтатылды. Құқық бұзушылықтар оқиға орнында тоқтатылды.
Барлық жүргізушілер жауапкершілікке тартылды. 12 автокөлік айып тұрағына қойылды. Екі құқық бұзушы қамауға алынды.
⚡️ Полиция жолдағы мұндай демонстративті әрі қауіпті мінез-құлықтың жол берілмейтінін атап өтті. Себебі мен мәртебесіне қарамастан, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілері қатаң түрде және ешбір ерекшеліксіз тоқтатылатыны айтылды.
#ЗАКОНИПОРЯДОК
📱 POLISIA.KZ


