Шымкентте жол ережесін өрескел бұзған автокортеж тоқтатылды

🚨 Шымкентте полицейлер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған автокортежді тоқтатты
Шымкентте полицейлер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған автокортеж жүргізушілерін анықтап, олардың жолын кесті.
Қозғалыс барысында жүргізушілер қарсы бағытқа шығу, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту, кері бағытта қозғалу және өзге де қауіпті маневрлер жасау арқылы қозғалыстың өзге қатысушыларына қауіп төндірген.
Бейнебақылау жүйелері мен полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде барлық көлік анықталып, құқық бұзушылықтар тоқтатылды.
Барлық жүргізуші жауапкершілікке тартылды.
12 автокөлік айыптұраққа қойылды. Екі құқық бұзушыға қатысты әкімшілік қамау шарасы қолданылды.
⚡️ Полиция жолда мұндай қауіпті әрекеттерге жол берілмейтінін ескертті. Қандай да бір себепке немесе мәртебеге қарамастан, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректері қатаң түрде тоқтатылып, заң аясында тиісті шаралар қабылданатыны атап өтілді.
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
📱 POLISIA.KZ


