Шымкентте үйлену кортежі жол ережесін өрескел бұзған: 12 көлік айыптұраққа қойылып, екі адам қамауға алынды

Шымкентте үйлену кортежі қатысқан көліктердің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны түсірілген видео желіде жарияланды. Кадрларда көліктердің қала көшелерімен жүріп өтіп, қарсы бағыттағы жолаққа шығуы, қызыл шамға өтуі, сондай-ақ кері жүріп қозғалыс жасауы көрінеді.
Полицияның мәліметінше, құқық бұзушылар бейнебақылау камераларының көмегімен анықталған. Барлық бұзушылар оқиға орнында ұсталған.
Полиция өкілдері қозғалыс барысында жүргізушілердің қарсы қозғалыс жолағына шығу, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту, кері жүріп қозғалу және өзге де қауіпті маневрлер жасау арқылы жол қозғалысына қатысушыларға нақты қауіп төндіргенін хабарлады.
Тексеру қорытындысы бойынша барлық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар 12 автомобиль айыптұраққа жіберіліп, кортеждің екі қатысушысы қамауға алынды.
Бұған дейін алматылықтардың әлеуметтік желілерде қауіпті жүргізуді мақтан ететіні туралы айтылған болатын.
Сондай-ақ: Үйлену кортежі жолда тәртіпсіздік жасады: жүргізушілер мен жолаушыларға не қауіп төнеді.


