Қазақстандықтар мобильді аударымдарды тексеру нәтижесі бойынша салық органдарынан хабарлама ала бастайды

Қазақстандықтар мобильді аударымдарды тексеру қорытындысы бойынша салық органдарынан хабарлама ала бастайды. Нақты мерзімдерді қаржы вице-министрі Ержан Біржанов атады.
Мобильді аударымдарды тексеру қашан аяқталады
Екінші деңгейлі банктер қазақстандықтардың операциялары туралы деректерді мемлекеттік кірістер органдарына бере бастаған. Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша деректерді тапсыру 15 сәуірде аяқталады.
Осыдан кейін салық органдары мобильді аударымдарды тексеріп, олардың төмендегі үш негізгі критерийге сәйкестігін қарайды:
- 100 және одан көп әртүрлі тұлғадан түскен аударымдар;
- 3 ай ішінде;
- жалпы сома 1 020 000 теңгеден асады.
Одан кейін салық органдары тізімдер қалыптастырып, салық төлеушілерге хабарламалар жолдайды.
Ержан Біржановтың айтуынша, кезең енді ғана аяқталғандықтан және банктерден деректерді жолдау жүріп жатқандықтан, алдын ала қорытынды жасауға әлі ерте.
"Период только завершился, идут направления данных от банков второго уровня в наш адрес. Мы их до 15 апреля получаем. Естественно, после получения мы формируем до конца месяца уведомления по процедуре камерального контроля. Следующий шаг — направление уведомлений, по которым срок исполнения 30 рабочих дней. Каких-либо предварительных результатов, сколько туда физических лиц попало, сколько неправомерно проводили операции, сейчас говорить рано, потому что сроки, установленные законодательством, ещё не вышли. Сейчас говорить, что сформируем 10 или 20 тысяч уведомлений, рано", — деді Ержан Біржанов үкіметтегі брифингте.
Осылайша, тізімдер сәуірдің соңына дейін қалыптастырылып, хабарламалар мамыр айында жіберіледі.
"До 15 апреля мы получим данные. Данные могут быть от разных банков, у нас не только один банк переводами занимается. Когда мы проведём сверку со всеми банками, кто обязан нам был передать данные, мы закончим. После мы запускаем процедуру камерального контроля и направляем уведомления налогоплательщикам, которые они исполняют в течение 30 рабочих дней. Казахстанцы получат уведомления в мае", — деді Биржанов.
Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа ережелерді енгізудің мақсаты — іс жүзінде кәсіппен айналысып, бірақ кірістерін жасырып, салық төлемейтіндерді көлеңкеден шығару екенін атап өткен. Ведомство дерегінше, мобильді аударымдар бейресми есеп айырысудың ең кең тараған тәсілдерінің біріне айналған.


