Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Мадьярды Венгриядағы парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Венгриядағы парламенттік сайлаудағы жеңісімен Петер Мадьярды құттықтады.
Мемлекет басшысы дауыс беру нәтижелері венгр халқының TISZA партиясының басшылығы мен оның бағдарламасына деген жоғары деңгейдегі сенімін көрсететінін атап өтті. Сондай-ақ ол Венгрияның алдағы уақытта да орнықты дамитынына сенім білдірді.
Президент Астананың Будапештпен стратегиялық әріптестікті нығайтуға үлкен мән беретінін айтып, екі ел халқының игілігі үшін екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Мадьярға жауапты қызметінде табыс, ал Венгрияның достас халқына амандық пен өркендеу тіледі.
https://t.me/chinovnik_kz
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


