Алматыда әлеуметтік желідегі қауіпті жүргізу видеоларына қатысты полиция түсініктеме берді

Алматыда оқырман әлеуметтік желілерде жүргізушілердің қауіпті әрекеттерін көрсететін жарияланымдарға шағым түсірді. Оның айтуынша, ашық Instagram-аккаунттарда жол қозғалысы ережелерін бұзу көріністері бар видеолар тұрақты түрде жарияланып отырады.
Не болып жатыр Жарияланған роликтерде:
- қауіпті маневрлер, соның ішінде «шашкалау»;
- жылдамдықты асыру;
- ЖҚЕ-нің өзге де өрескел бұзушылықтары
тіркелген.
Оқырманның айтуынша, жүргізушілер бет-жүзін де, көліктің мемлекеттік нөмірін де жасырмайды. Сонымен қатар мұндай контент қауіпті мінез-құлықты көрсету, тіпті оны ынталандыру ретінде ұсынылады.
«Сколько может продолжаться этот беспредел? По дорогам невозможно ездить”, — деп жазды ол.
Полицияның жауабы Алматы полиция департаменті видеолардың таралу фактісі бойынша тексеру жүргізілгенін хабарлады. Ведомствоның нақтылауынша, «шашкалау» көрсетілген ролик бұған дейін де полицияның назарына түскен.
«Ранее, при его первичном появлении в интернете, сотрудниками полиции были приняты все необходимые меры реагирования. Водитель, допустивший грубые нарушения ПДД, был установлен и привлечен к административной ответственности. В его отношении составлено четыре административных протокола», — деп мәлімдеді полиция.
Полиция әлеуметтік желілерге мониторинг тұрақты түрде жүргізілетінін атап өтті. Ведомство мәліметінше, интернеттегі жарияланымдар күн сайын қадағаланып, бұзушылықтар анықталған жағдайда заңнама аясында шаралар қабылданады.
Алматы полициясы азаматтарды тексерілген ақпаратқа сүйенуге және жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырды.
Бұған дейін полиция жасырын патрульдер туралы «деректерді» бір-біріне жолдайтын алматылықтарға ескерту жасағаны айтылған.
Сондай-ақ: «Кошмарят водителей». В МВД ответили на жалобы из-за рейдов в Алматы.


