Минэнерго: мораторий аяқталғаннан кейін бензин бағасы күрт қымбаттамайды

Энергетика министрлігі Қазақстанда мораторийдің күші жойылғаннан кейін бензин бағасы күрт қымбаттамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы бүгін үкіметтегі брифингте айтылды.
Вице-министр Қайырхан Тұтқышбаевтың мәліметінше, мораторий алынғаннан кейін жанар-жағармай (ЖЖМ) бағасы шамамен 1 теңгеге өскен.
«Мен бірден барлық журналистердің алдында ресми түрде мәлімдегім келеді: мемлекет ЖЖМ бағасының күрт секіруіне жол бермейді. Баға көтеріледі, бірақ күрт емес, бірқалыпты, жайлап өседі. Біз үшін ең бастысы — азаматтарымызға қажетті ЖЖМ қорын қалыптастыру. Екіншісі — әлеуметтік көңіл күй, яғни қандай да бір күрт секіруге, тағы да қайталаймын, жол бермейміз, ондай болмайды», — деді вице-министр үкіметтегі брифингте.
Журналистер министрліктің «бағаның күрт секіруі» дегенді қалай түсінетінін нақтылады. Тұтқышбаевтың айтуынша, ЖЖМ нарығы өзін-өзі реттейтін болғанымен, әртүрлі жанармай құю бекеттері бағаны «әрқалай» көтермейді.
«Күрт секіруге жол бермейміз дегенде, біз әріптестерімізбен, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп осы жұмысты жүргізіп жатқанымызды айтамыз: жанармай құю станцияларымен үнемі диалогтамыз, диалог қалыпты жолға қойылған. Шартты түрде айтсақ, біреу 1 теңгеге, біреу 30 теңгеге, біреу 100 теңгеге көтеріп жіберсе — ондай болмайды. Азаматтарымызға қолайлы болуы үшін өсім бірқалыпты, күрт секірусіз болады», — деп уәде берді вице-министр.
Еске салайық, сәуірде Қазақстанда АИ-92 бензинінің бағасын көтеруге қатысты мораторий аяқталды. Бұған дейін Энергетика министрлігі жанармай бағасының күрт өсуін күтпейтінін, бірақ біртіндеп қымбаттауы мүмкін екенін айтқан болатын.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


