Иран АҚШ пен Израиль бомбалауларынан келген шығынды $270 млрд деп бағалап, бес араб елінен өтемақы талап етті

⏺ Иранның АҚШ пен Израиль бомбалауларынан көрген шығыны $270 миллиард болғаны хабарланды.
Иран АҚШ пен Израильдің «соғысына сыбайлас қатысқаны үшін» бес араб елінен өтемақы төлеуді талап етті. Атап айтқанда, Бахрейн, Иордания, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері және Сауд Арабиясы Иранға олардың заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген физикалық және моральдық зиянды толық өтеуі тиіс екені айтылды.
Бұл талапты Иранның БҰҰ жанындағы өкілі ретінде сөйлеген Иран СІМ өкілі мәлімдеді.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


