Оралда “Бекіре” іс-шарасы кезінде Hyundai Elantra көлігінен 274 келі балық тәркіленді

🎏 Оралда полицейлер тұрғыннан 274 келі балық тәркіледі
Оралда патрульдік полицейлер “Бекіре” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Hyundai Elantra автокөлігін тоқтатты. Көлік салоны мен жүксалғышынан көп мөлшерде балық — мөңке, көксерке және сазан табылды.
Жүргізушіде тасымалданып жатқан балыққа қатысты ешқандай рұқсат құжаттары болмаған. Тәркіленген балықтың жалпы салмағы шамамен 274 келіні құрады.
Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Полиция су биоресурстарының заңсыз айналымы үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


