Полиция велосипед ұрлығының алдын алу шараларын еске салды

🔹 Полиция велосипед ұрлығының алдын алу шараларын еске салады
Велосипедті бір сәтке қараусыз қалдыру — оның ұрлану қаупін арттырады. Осыған байланысты полиция тұрғындарды қарапайым ережені қатаң сақтауға шақырады.
❗️ Назар аударыңыз: мүліктің сақталуы ең алдымен иесінің өзіне байланысты.
Велосипед ұрлығының алдын алу үшін:
- 🔒 Қысқа уақытқа болса да велосипедті міндетті түрде арнайы құлыппен бекітіңіз;
- 🌛 Түнде велосипедті далада қалдырмаңыз;
- 📸 Велосипедті суретке түсіріп, сақтап қойыңыз;
- 📝 Қос дөңгелекті көліктің маркасын, моделін және сериялық нөмірін жазып алыңыз;
- 🚔 Күмәнді жағдайларды байқасаңыз, дереу полицияға хабарлаңыз.
⚡️ Есте сақтаңыз: қараусыз қалған велосипед — ұрылар үшін оңай олжа болмақ. Сондықтан кез келген жағдайда қауіпсіздік ережесін қатаң сақтаған жөн. Абай болыңыз! Мүлкіңізді қорғаңыз!
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
📱 POLISIA.KZ
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


