БҚО-да заңсыз балық тасымалы тоқтатылды: 397 келі балық тәркіленді

🐟 Батыс Қазақстан облысында “Бекіре — 2026” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында балықты заңсыз тасымалдау дерегі анықталды.
Атырау – Орал автожолының 125-шақырымында, Чапаево ауылы маңында полиция қызметкерлері Toyota Estima көлігін тоқтатты.
Тексеру кезінде жүргізушінің тиісті рұқсат құжаттарынсыз 397 келі балық — сазан және шортан түрлерін заңсыз тасымалдағаны белгілі болды.
Осы дерек бойынша ҚР заңнамасына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ аталған іс-шара аясында өңірде 31 құқық бұзушылықтың жолы кесілгені атап өтілді.
❗️ Полиция азаматтарды заң талаптарын сақтауға және табиғи ресурстардың заңсыз айналымына қатыспауға шақырады.
📺 Видео/YouTube
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
📱 POLISIA.KZ
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


