Атырауда ер адамдар тобы полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады

Атырау облысында ер адамдар тобы полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 3 сәуір күні шамамен 22:00-де Мақат ауданында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіптің бұзылуын алдын алған.
Тексеру барысында бірнеше азамат агрессия танытып, полиция қызметкерлеріне күш қолданған. Оқиға салдарынан екі қызметкер жарақат алған.
Оқиғаға қатысқан адамдардың барлығы анықталып, оларға қатысты процестік шаралар қабылданды.
Шабуыл фактісі бойынша «Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш қолдану» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


