Қазақстанда банктер атынан жалған SMS таратқан кибералаяқтар ұсталды

АФМ Қазақстанда банктер атынан жалған SMS-хабарламаларды жаппай таратқан кибералаяқтар тобының ұсталғанын мәлімдеді.
Тергеу мәліметінше, күдіктілер базалық станцияларды имитациялайтын SMS-бластер қолданған. Құрылғы телефондарды автоматты түрде өзіне қосылуға мәжбүрлеп, абоненттерге Beeline және Halyk Bank атынан жіберілгендей көрінетін жалған хабарламалар жолдаған. Сілтемелер арқылы өткен пайдаланушылар фишингтік сайттарға бағытталып, онда жеке және банктік деректер сұратылған.
Құрал-жабдықтар автокөліктерге орналастырылып, адамдар көп жиналатын орындарда — базарлар мен сауда орталықтарының маңында пайдаланылған. Хабарлама тарату қуаты сағатына 100 мың SMS-ке дейін жеткен.
Мәліметке сәйкес, бұл — ТМД елдерінде осындай схема алғаш рет анықталған жағдай. Күдіктілер ұсталды, тергеу жалғасып жатыр.
t.me/kriminal_kazakhstan


