БҚО-да мас күйдегі ер адам мен таныстары полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады

29 наурыз күні шамамен 05:00-де Ақсай қаласында полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынның өтініші бойынша оқиға орнына келді. Олар алкогольдік масаң күйде болған ер адамға қатысты тиісті шаралар қабылдаған.
Оқиғаны анықтау кезінде ер адамның таныстары агрессивті мінез көрсетіп, құқық қорғау органдарының жұмысына кедергі келтірген және заңды талаптарды елемеген.
Мас күйдегі ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 15 тәулікке қамау жазасы тағайындалды. Қалған қатысушыларға қатысты қылмыстық іс қозғалып, олардың барлығы ұсталды.
Полиция қызметкерлері құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қысым көрсету әрекеттері мен заңды талаптарға бағынбау қатаң түрде тоқтатылатынын атап өтті.
t.me/kriminal_kazakhstan
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


