БҚО-да полицияның заңды талабына бағынбаған азаматтар ұсталды

🤲 Батыс Қазақстан облысында (БҚО) полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған бір топ азамат ұсталды.
Әлеуметтік желілерде Ақсай қаласында полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамаған және агрессивті мінез-құлық танытқан бір топ азаматтың қатысуымен болған бейнежазба таралуда.
Оқиға 29 наурыз күні шамамен сағат 05:00-де болған. Азаматтың өтініші негізінде полиция қызметкерлері мас күйдегі ер адамға қатысты тиісті шаралар қабылдаған.
Тексеру барысында оның таныстары өзін өрескел ұстап, полиция қызметкерлерінің заңды әрекеттеріне кедергі келтіріп, талаптарын елемегені анықталған.
Мас күйдегі құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Агрессия танытып, қарсылық көрсеткен өзге азаматтарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Барлық тұлға анықталып, ұсталды.
⚡️ Ескерту: полиция қызметкерлеріне қысым көрсету, арандату және заңды талаптарды әдейі орындамау әрекеттері қатаң әрі принципті түрде тоқтатылатыны айтылды.
Егер азаматтар полиция қызметкерлері тарапынан заң бұзушылық болды деп санаса, бұл туралы “102” нөміріне немесе ІІМ-нің өзіндік қауіпсіздік қызметіне 1402 нөмірі арқылы хабарлау сұралды.
Әрбір қатысушының әрекетіне толық құқықтық баға берілетіні атап өтілді.
Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және жалған не бұрмаланған мәліметтерді таратудан бас тартуға шақырды.
❗️ Заңды сақтау — баршаға ортақ міндет!
#ЗАҢМЕНТӘРТІП
📱 POLISIA.KZ


