БҚО-да полицияның заңды талаптарына бағынбаған азаматтар тобы ұсталды 🤲

🤲 Батыс Қазақстан облысында полицияның заңды талаптарына бағынбаған азаматтар тобы ұсталды
Әлеуметтік желілерде Ақсай қаласында полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамаған және агрессивті мінез-құлық танытқан адамдар тобы қатысқан бейнежазба тарады.
Оқиға 29 наурыз күні шамамен 05:00-де болған. Азаматтың өтініші бойынша полиция қызметкерлері алкогольдік мас күйде болған ер адамға қатысты шаралар қабылдаған.
Тексеру барысында оның таныстары өздерін өрескел ұстап, полиция қызметкерлерінің заңды әрекеттеріне кедергі келтірген және олардың талаптарын елемеген.
Мас күйдегі құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Ал агрессия танытып, қарсылық көрсеткен өзге қатысушыларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Барлық тұлғалар анықталып, ұсталды.
⚡️ Полиция қызметкерлеріне қысым көрсетуге кез келген әрекет, арандату және заңды талаптарды әдейі орындамау қатаң әрі принципті түрде тоқтатылатыны атап өтілді.
Әрбір қатысушыға толық көлемде құқықтық баға берілетіні көрсетілді.
❗️ Заң бәріне ортақ, оны сақтау міндетті.
#ЗАКОНИПОРЯДОК
📱 POLISIA.KZ


