Тоқаев Таяу Шығыста толық атысты тоқтату және бітім туралы келісімді құптады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыста толық атысты тоқтату және бітім туралы келісімге қол жеткізуді құптады. Бұл келісім Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығымен жасалғаны хабарланды.
Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров өзінің Telegram-арнасында мәлімдеді.
Смадияровтың айтуынша, «аталған келісім АҚШ президенті Дональд Трамптың және Иранның жоғары басшылығының, сондай-ақ әскери қақтығысқа тартылған барлық елдердің ізгі ниеті мен даналығының арқасында мүмкін болды». Ол Мемлекет басшысы қол жеткізілген бітім келісімінің әлемдік сауданы дамыту және барлық мемлекеттердің экономикалық өркендеуі үшін ұзақ мерзімді болуына үміт білдіргенін жеткізді.
Еске салайық, Трамп Пәкістан премьерінің өтінішінен кейін Иранға соққы жасауды екі аптаға тоқтатуға келіскен. АҚШ көшбасшысының сөзінше, бұл екіжақты атысты тоқтату болады. Ақ үй басшысы Вашингтон Тегераннан 10 тармақтан тұратын ұсыныс алғанын және оны «келіссөздер үшін жұмыс негізі» деп санайтынын мәлімдеді.
Иран өз кезегінде АҚШ-пен екі апталық бітім кезеңінде Ормуз бұғазын ашуға дайын екенін хабарлады.
Израиль Иранмен бітімге келісті, бірақ мұны құлықсыз жасайды — БАҚ
Бұған дейін Пәкістан премьері Трампқа Иран бойынша шешімді екі аптаға шегеруді сұрап жүгінген. Сондай-ақ ол Иранды ізгі ниет белгісі ретінде Ормуз бұғазын екі апталық мерзімге ашуға шақырған.


