Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасы Президентінің арнайы өкілін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасы Президентінің арнайы өкілі – Корея Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Кан Хун Шикті қабылдады.
Кездесу барысында Президент Корея Республикасын Қазақстанның негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі ретінде атап өтіп, екіжақты өзара іс-қимылдың оң динамикасын жоғары бағалады.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстанда корей халқына деген жылы ықылас бар екенін және Корея Республикасының қарқынды дамуын атап өтіп, Астананың екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға бағытталғанын растады.
https://t.me/chinovnik_kz
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


