Балқаш көліндегі мұз жағдайы қауіпті: Жетісу облысында құтқарушылар күн сайын патруль жүргізіп жатыр

Жетісу облысында құтқарушылар Балқаш көлі акваториясында күн сайын патруль жүргізуде. Ауа жастықты қайықтың көмегімен жетуі қиын учаскелер де бақылауға алынған.

Қазіргі уақытта көлдегі мұз біркелкі емес: кей жерлерде ашық су, кей тұстарда жұқа мұз бен мұз кесектері бар. Бұл жағдай адамдардың өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді.
❗️Құтқарушылар су айдындарына жақындағанда барынша сақ болуға және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
📹 Кадрда: Смагулова Назерке Армановна – Жетісу облысы ТЖД ресми өкілі.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


