Жетісу облысында Алматы – Өскемен автожолында болған ЖКО-да құтқарушылар көлікте қысылып қалған адамды шығарып алды 🚨

🚨 ТЖМ құтқарушылары көлікте қысылып қалған адамды шығарып алды
Жетісу облысы Көксу ауданында, Алматы – Өскемен автожолының 215-шақырымында, Алғабас ауылының маңында жол-көлік оқиғасы болды.
Оқиға орнында өрт шығу дерегі тіркелмеген. Жол апатында 1 жүк көлігі мен 3 жеңіл автокөлік соқтығысқан.
ЖКО салдарынан 2 адам зардап шекті. Құтқарушылар көлікте қысылып қалған 1 адамды шығарып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.
ТЖМ жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...





