Шымкентте киберполиция интернет-алаяқтықтың алдын алып, зейнеткерге 9 млн теңгені қайтарды

💻 Шымкентте полиция ірі интернет-алаяқтық дерегінің алдын алып, қарт тұрғынға ұрланған қаражатын қайтаруға көмектесті.
Алаяқтар зейнеткерге хабарласып, өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырған. Психологиялық қысым жасап, түрлі айла-тәсілдерді қолдану арқылы әйелді құпия деректерін айтуға және белгілі бір әрекеттер жасауға көндірген. Соның салдарынан оның банктік шотынан қомақты қаржы заңсыз аударылған.
Жәбірленушінің арызына жедел әрекет еткен киберполиция қызметкерлері қажетті іс-шаралар кешенін жүргізді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде ақша аударылған арна дер кезінде анықталып, қаражаттың әрі қарай қолма-қол ақшаға айналдырылуына жол берілмеді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары жәбірленушіге 9 млн теңгені қайтарып берді.
⚡️ Полицейлер мұндай қылмыстардың, әсіресе, егде жастағы азаматтарға қатысты жиі кездесетінін атап өтті. Осыған байланысты тұрғындарға сақ болу қажеттігін ескертеді: жеке деректерді, SMS-кодтарды және банк картасының мәліметтерін ешкімге жария етпеу керек. Күдікті қоңырау түскен жағдайда дереу полицияға хабарласу қажет.
#ЗАҢМЕНТӘРТІП #БІЗДІҢПОЛИЦИЯ
📱 POLISIA.KZ


