ЗҚО тұрғыны автосалоннан көлігін сатудан түскен ақшаны уақытында ала алмай, шағымдануға мәжбүр болды

ЗҚО-да тұратын азамат автосалон арқылы өз көлігін үшінші тұлғаға сатқаннан кейін, келісімде көрсетілген төлемді уақытында ала алмаған.
Не болды 2 ақпанда ер адам автосалонмен өз автокөлігін үшінші тұлғаға сату туралы келісімшарт жасасқан. Мәміле сомасы 5 150 000 теңге болған, оның 350 000 теңгесі — автосалонның комиссиясы.
Келісім бойынша сатушы көлікті тапсырып, құжаттар рәсімделгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде қолына 4 800 000 теңге алуы тиіс болған.
Көлік сол күні сатып алушыға берілген. Алайда 13 ақпанға дейін ақша түспеген.
«Тағы күтіңіз» Автосалонда алдымен 16 ақпанда келуді сұраған, кейін ақшаны «күн соңына дейін» аударамыз деп уәде берген, бірақ ол орындалмаған.
Сол күні ер адам ЗҚО бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінген. Онда оған сотқа дейінгі талап арызды (досудебтік претензия) рәсімдеуге көмектескен.
Автосалон қызметкерлері құжатты қабылдаудан бас тартқаннан кейін, өтініш «Қазпочта» арқылы жіберілген. Сол күннің кешіне қарай ақша өтініш берушінің банк картасына түскен.
Қандай бұзушылық анықталды Автосалон келісімшарт талаптарын бұзып, қаражатты уақытында төлеу міндеттемесін орындамағаны айтылған. Сонымен қатар, претензияны қабылдаудан бас тарту да тұтынушы құқығын бұзу ретінде көрсетілген.
Жағдайды қызметкерлердің қарым-қатынасы да ушықтырған: клиенттің талаптарына іс жүзінде жауап бермей, «қайда болса да шағымдана беріңіз» деген мазмұнда жауап бергені жанжал мен шиеленісті күшейткен.
Бұған дейін бөліп төлеу арқылы көлік сату кезінде астаналықтың көлігінен де, ақшасынан да айырылғаны туралы айтылған.
Сондай-ақ: астаналық Land Cruiser алғысы келіп, 20 миллионсыз қалғаны туралы да хабарланған.
Қытай автокөліктері Қазақстан нарығын қарқынды жаулап келеді! Сатып алуды жоспарлап жүрсіз бе? Алдымен мынаны оқыңыз! Қытай автокөліктері туралы көбірек біліңіз.


