Tele2 операторы пайдаланушыларға сұрамай ақылы ойындар мен викториналарды қосады деген шағым түсті

Tele2 операторының жұмысына қатысты шағым түсті: оператор пайдаланушыларға сұрамай-ақ ақылы ойындар мен викториналарды қосып, ақша ұстайды деген мәселе көтерілді.

Клиенттердің бірінің айтуынша, баласының смартфонында үнемі ақша жетіспей қалған. Яғни, орнатылған тарифтің үстінен қосымша төлемдер алынған. Тексеру барысында оператордың қандай да бір себеппен «Гонка умов» қызметін тәулігіне 80 теңгеге қосып қойғаны белгілі болған. Бұл айына 2400 теңге болады.
Нәтижесінде, азамат артық төленген ақшаны қайтарып алған. Сонымен бірге ол басқа Tele2 пайдаланушыларын ескертіп, тәулігіне 80 теңгеден жасырын түрде ақша ұсталып жатпағанын тексеруге шақырды.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


