Абай облысында атпен жүрген полицей 3 жастағы баланы далада тауып алды

Абай облысында 3 жастағы бала далада жоғалып кетіп, бірнеше сағаттан кейін аман табылды.
Оқиға 8 сәуірде Аксуа́т ауданында болған. 3 жастағы ұл бала ауладан білдірмей жүгіріп шығып, жоғалып кеткен. Туыстары оны таңертеңнен бастап іздеп, шамамен 11:00-де полицияға жүгінген. Осы сәттен бастап іздеуге барлық күш жұмылдырылды.
Полицейлер даланы шарлап, жердің әр метрін тексерген. Олар әр минуттың шешуші болуы мүмкін екенін ескерген.
Бірнеше сағаттан соң полиция қызметкері атпен жүріп келе жатып, алыстан кішкентай бейнені байқайды: бала жалғыз, ауылдан алыс жерде болған. Толқуын жасыра алмаған полицей бүлдіршінге:
«Айналайын, келе ғой…»
деп тіл қатқан.
14:00-де бала елді мекеннен шамамен 3 шақырым қашықтықта табылды. Бақытына қарай, ол тірі, өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ — бала тек адасып кеткен.
Бұл жағдай үйлесімді әрекет, ұсақ-түйекке мұқият болу және жедел әрекет етудің қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Кейде нағыз ғажайып — дер кезінде табылған бала.
#НАШАПОЛИЦИЯ
📱 POLISIA.KZ


