Абай облысында атты полицей 3 жастағы адасып кеткен баланы айдалада тауып алды

🔹 «Келе ғой, айналайын»: Абай облысында атты полицей адасып кеткен 3 жастағы баланы айдаладан тапты
Бұл оқиға қайғылы аяқталуы мүмкін еді, алайда баланың аман табылуымен аяқталды.
8 сәуір күні Ақсуат ауданында 3 жастағы бала байқатпай үйдің ауласынан шығып кетіп, жоғалып кеткен. Таңертең ерте туыстары іздеуді бастап, шамамен сағат 11:00-де полицияға хабарласқан. Осыдан кейін іздеу жұмыстарына барлық күш дереу жұмылдырылды.
Полицейлер уақыттың әр минуты маңызды екенін ескеріп, даланы және әрбір аумақты мұқият тексерген.
Бірнеше сағаттан кейін іздеу барысында атпен жүрген полиция қызметкері айдалада кішкентай баланы байқап қалған. Бала елдімекеннен алыс жерге кетіп қалған.
Кішкентай бала үшін алаңдаған полицей оны «Айналайын, келе ғой…» деп өзіне қарай шақырған.
Нәтижесінде сағат 14:00 шамасында бала елдімекеннен шамамен 3 шақырым жерден аман-есен табылды. Баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
Оқиға үйлесімді әрекеттің, ұсақ-түйекке дейін мән берудің және жедел әрекет етудің маңызын көрсетті.
Балалар аман болсын!
#БІЗДІҢПОЛИЦИЯ
📱 POLISIA.KZ


