Қазақстан азаматы Қырғызстанда балаларды сатып алып, порнография түсіру ісі бойынша 12 жылға сотталды

Іс материалдарына сәйкес, Қазақстан азаматы Қырғызстанда үш баланы олардың биологиялық анасынан заңсыз сатып алған. Ол Израильден келген сыбайласымен бірге балалар порнографиясын дайындауды ұйымдастырған.
Тергеу дерегінше, алынған контент қылмыскерлер тарапынан мессенджерлер арқылы шетелдік клиенттер арасында таратылған.
Сонымен қатар, тергеу қылмыстық топтың басқа бір отбасынан тағы екі балаға қамқоршылық рәсімдеп үлгергенін анықтаған. Бұл балалар да тыйым салынған материалдарды түсіру үшін пайдаланылған.
Бішкек соты айыпталушылардың әрекетін Қырғыз Республикасы ҚК 167-бабы — «Балаларды сату» бойынша саралаған. Қазақстан азаматы 12 жылға бас бостандығынан айырылды, ал оның Қырғызстаннан шыққан сыбайласы 11 жылға сотталды. Екі сотталғанның да мүлкі тәркіленді.
t.me/kriminal_kazakhstan


