Алматыда лифт түймесін тепкілеп, қызға шабуыл жасаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы қалалық полиция департаменті қоғамдық орында агрессивті мінез-құлық танытып, қызға дене жарақатын келтірген 26 жастағы ер адамды анықтап, ұстағанын мәлімдеді.
Полицияның мәліметінше, оқиға бойынша Алатау ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімі жедел түрде шаралар қабылдаған. Нәтижесінде күдікті ретінде 26 жастағы ер адам ұсталды.
Дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің әрекеттеріне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы аясында жан-жақты құқықтық баға берілетіні айтылды.
Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ол ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
t.me/kriminal_kazakhstan
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


