Полиция: Қызылорда облысында нәрестені сату әрекеті тоқтатылды, Алматыда қылмыстық қанаумен айналысқан топ ұсталды

Қызылорда облысында полиция жаңа туған нәрестені сату әрекетінің жолын кесті. Тексеру барысында 25 жастағы ананың қоғамдық қорда тұрғаны анықталды. Әйел баладан бас тартуға шешім қабылдаған кезде, қор жетекшісі делдал болған: ол 50 жастағы жергілікті тұрғынға нәрестені заңсыз асырап алу үшін 1 миллион теңгеге сатып алуды ұсынған. Мәмілеге қатысушылардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алматыда криминалдық қанауға маманданған қылмыстық топтың ұйымдастырушылары ұсталды.
Қылмыскерлер тұрақты мекенжайы жоқ адамдарды арбаған. Жәбірленушілерге жасанды түрде оң кредиттік тарих қалыптастырылған. Олардың атына Алматы мен Шымкентте беделді автокөліктер рәсімделген. Кейін көліктер сатылып, ал «иелері» көп миллиондық қарызбен қалған.
Жетісу облысындағы құлдық
Жетісу облысында полицейлер 2005 және 2007 жылы туған екі жас адамды босатты. Оларды ұрлап, бір ай бойы күшпен ұстап, тұрмыстық химия өндірісінде жұмыс істеуге мәжбүрлеген. Қанау мақсатында адам ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Вебкам-бизнес және ВИЧ жұқтыру
Полиция қоғамдық моральға қарсы қылмыстарға бақылауды да күшейтті.
Абай облысында бірнеше қалада порностудиялар желісін ұйымдастырған ерлі-зайыпты ұсталды. Олар жас қыздарды тартумен айналысып, контент түсіруге жағдай жасаған.
Бірқатар өңірлерде (Астана, Алматы, Павлодар және Маңғыстау облыстары) адамның иммун тапшылығы вирусын қасақана жұқтыру фактілері бойынша 15 тергеу басталды.
Порнографиялық материалдарды заңсыз тарату бойынша тағы 5 қылмыстық іс қозғалды.


