Британияда УЕФА төрешісі кәмелетке толмаған балаға қатысты әдепсіз әрекет күдігімен ұсталды

Британ полициясы УЕФА төрешісін кәмелетке толмаған балаға қатысты сексуалдық сипаттағы тиісу күдігімен ұстады.
Оқиға Ұлыбританиядағы қонақүйде болуы мүмкін. Төреші еуропалық матчқа қызмет көрсету үшін елге ұшып келгені айтылған.
Дереккөз мәліметінше, шетелдік төреші қонақүйдің қоғамдық аймағында жасөспіріммен әңгіме бастаған. Ол кәмелетке толмаған балаға қалаусыз түрде қол тигізді және оны өз нөміріне ертіп баруға тырысты деген күдікке ілінген.
Полицияға арыз төреші матчта жүрген кезде түскен. Сол күні кешке төреші қонақүйге қайтып келгеннен кейін, оны УЕФА делегациясының көзінше кіреберісте бірден қамауға алған.
Кейінірек оның кепілмен босатылғаны хабарланды. Айып тағылған жағдайда полиция төрешіні Ұлыбританияға экстрадициялауды сұрау мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Аталған төреші жазда өтетін алдағы әлем чемпионаты матчтарына үміткерлердің кеңейтілген тізіміне енгізілген.
ФИФА тергеу аяқталғанға дейін төреші өз қамқорлығындағы кез келген турнирге тартылмайтынын мәлімдеді. Ұқсас шешімді УЕФА да қабылдады.
«Біз жағдайды үлкен алаңдаушылықпен бақылап отырмыз. Қазіргі уақытта бұл ресми өкіл УЕФА матчтарына тағайындалмайды», — делінген ұйымның мәлімдемесінде.


