Видеограф Ұлан Медеу Шығыс Қазақстандағы баруға тұрарлық 6 ерекше локацияны атады

Қазақстандық видеограф Ұлан Медеу Шығыс Қазақстан облысында (ШҚО) баруға тұрарлық 6 ерекше локацияның тізімін жасады. Автордың айтуынша, өңірдің кейбір танымал орындарын асықпай аралау үшін сапарға қанша күн бөлу керегі маңызды.
Instagram-дағы видеолар Жас видеограф Instagram желісінде облыстың көркін көрсететін жарқын видеолар топтамасын жариялаған.
«Казахский Алтай, Восточный Казахстан», — делінген жарияланымда.
Ұланның Instagram-профиліндегі ерекше локациялар түсірілген роликтер миллиондаған қаралым жинаған. Пікірлерде өзге елдерден жазған кейбір қолданушылар да бұл «ертегідей» орындарға барғысы келетінін айтқан.
«Вот она, жизнь как в сказке», «Кажется, нам туда надо», «Какая красота», — деп жазды Insragram қолданушылары.
Автор қандай локацияларды атады Ұлан Медеудің айтуынша, өткен жазда екі айдың ішінде ол ШҚО-дағы 6 қызықты локацияны түсіріп үлгерген. Әрқайсысы өзінше ерекше:
- Мұзтау (Белуха) тауы;
- Қаракөл көлі — судың тынық айдыны және тауларға панорамалық көріністер;
- Көккөл сарқырамасы — Шығыс Қазақстан облысындағы ең үлкен сарқырама;
- Ақ Берел өзені және көркем аңғарлар;
- Рахмановские ключи — таулар арасындағы табиғи термалды бұлақтар;
- Катон-Қарағайға барар жолдағы гүлдеген рапс алқаптары — таулармен контраст беретін ашық сары пейзаждар.
Қашан барған дұрыс Ұлан Медеудің пікірінше, Шығыс Қазақстан облысының табиғатын тамашалау үшін ең қолайлы уақыт — шілде.
«Именно в это время Катон-Карагай особенно красиво цветёт. Самое сильное впечатление оставила локация у подножия Белухи — ледники и цветы одновременно. Это невозможно забыть», — деді Ұлан.
Маршрут және жолға қатысты кеңестер Саяхатшының айтуынша, маршрутты Өскеменнен бастап, көлікпен Катон-Қарағай бағытына шыққан ыңғайлы. Сонымен бірге ол жолдың жағдайын алдын ала ескеруді ұсынады.
«В большинстве случаев понадобится внедорожник, так как дороги к самым красивым местам порой не асфальтированы. На легковой машине добраться будет сложно», — деді ол.
Ұланның негізгі кеңесі — сапарды мұқият жоспарлау. Оның сөзінше, барлық негізгі локацияларды асықпай көру үшін кемінде 7–10 күн қарастырған дұрыс.
«Локации находятся далеко друг от друга, дорога занимает много времени, но при этом она невероятно живописная», — деді ол.
Сондай-ақ ол ауа райына алдын ала дайындалып, әртүрлі жағдайға арналған киім алуға кеңес береді: өңірде аптап ыстықтан жаңбыр мен желге дейін күрт құбылулар болуы мүмкін. Бұдан бөлек, алыс аудандарға шыққанда су, жанармай және байланыс мәселесін алдын ала ойластыруды ұсынады.
Автордың пікірінше, туристер үшін басты қағида — табиғатқа ұқыпты қарау: қоқыс қалдырмау, өсімдіктерге зиян келтірмеу және локацияларды табиғи қалпында сақтау.


