Виртуалды телефон станцияларын құрып, 4 млн-нан астам қоңырау жасағандар байланыс операторларына 15 млн теңгеден аса шығын келтірді

Күдіктілер жалған заңды тұлғаларды пайдалану арқылы виртуалды телефон станцияларын құрған. Олар жергілікті мобильді нөмірлерді сатып алып, сондай-ақ зиянды бағдарламаларды қолданған.
Осы әрекеттердің нәтижесінде 4 млн-нан астам қоңырау жасалып, байланыс операторларына 15 млн теңгеден аса шығын келтірілген.
Тінту барысында олардан техникалық құралдар мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Тергеу жалғасуда.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


