Кассациялық тәртіпте 127 млн теңгенің бір бөлігі анықталып, мемлекет кірісіне өндірілді

Бұған дейін Алмалы аудандық сотының үкімімен КГП «Метрополитен» және мердігер ұйымның 10 лауазымды тұлғасы ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына тартылып, мүлкі тәркіленді. Сондай-ақ келтірілген залал ортақ (солидарлық) тәртіппен өндірілді.
Сот актісінің заңдылығы кассациялық тәртіпте тексерілген кезде ұрланған 127 млн теңгенің бір бөлігі басқа заңды тұлғаның банк шоттарынан анықталды. Прокурордың кассациялық наразылығы бойынша сот актілері өзгертіліп, аталған ақша қаражаты мемлекет кірісіне өндірілді.
Бұл жағдай мемлекеттік қаржыға қол сұғу үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын көрсетеді және бюджет қаражатын басқару кезінде лауазымды тұлғалар мен өзге де қатысушылардың адалдыққа, заңдылыққа және жеке жауапкершілікке жоғары деңгейде мән беруі қажет екенін атап өтеді. Мұндай саладағы кез келген теріс пайдалану мемлекет тарапынан ерекше бақылауда болып, қатаң құқықтық салдарға әкеледі.


