Шемонаихада жаңа инфекциялық аурухана құрылысы орнынан адам сүйектері табылды

Шемонаиха қаласында жаңа инфекциялық аурухана құрылысы жүріп жатқан аумақта тұрғындар адам сүйектерін тапты.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, аумақта әр жерде сүйектер шашылып жатқан.
"Там всё усыпано костями. Там такое ощущение, что ты ходишь по кладбищу. Там челюсти, череп, кости ног, рук, даже палец нашли. Это просто страшно. Нельзя же беспокоить умерших", — рассказал местный житель.
Тұрғындар өткен ғасырда бұл жерде инфекциялық аурулардан қайтыс болған адамдар жерленуі мүмкін екенін айтып, ауру тарауынан қауіптенетінін жеткізді.
Билік өкілдері тұрғындарды сабырға шақырды. Әкімдік бұл аумақта бұрын инфекциялық аурухана ғимараты болғанын және қайтыс болғандар жерленгенін растады. Кейінірек аумақтың белсенді түрде құрылысқа берілгені де айтылды.
Шенеуніктер табылған сүйектерді барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып қайта жерлеуге уәде берді. Дәрігерлер де бұл жерде инфекцияның өршуі ешқашан болмағанын мәлімдеді.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі баспасөз қызметінің өкілі Лаура Жақыпованың айтуынша:
"Согласно заключению полиции, найденные останки подлежат перезахоронению. Исторической ценности они не представляют. Акимат Шемонаихи решил захоронить их на действующем кладбище с соблюдением всех требований законодательства", — заявила пресс-секретарь акима Восточно-Казахстанской области Лаура Жакупова.


