Шығыс Қазақстан облысында 1965 жылы туған ер адамды іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды

Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданында, Ақбұлақ ауылдық округінде 1965 жылы туған ер адамды іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды.
Іздестіруге ТЖД, ПД қызметкерлері және жергілікті тұрғындар бірлесіп қатысты.
Берілген ақпаратқа сәйкес, ер адам мал бағу үшін шаруа қожалығынан жылқымен шығып, белгіленген уақытта қайтып оралмаған. Осыдан кейін ауқымды іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Іздестіру жұмыстары түні бойы жүргізілді. Нәтижесінде ер адам Маубас пен Доғалбай фермаларының арасынан табылды.
Абырой болғанда, ол зардап шекпеген және медициналық көмекке мұқтаж болмаған.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...




