Алматыда өткен қыста жоғалған ер адам өлі күйінде табылды

Алматыда өткен қыста жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды. Бұл туралы Instagram парақшасында Lider.kz волонтерлері хабарлады.
Коломыцев Павел Михайлович 2025 жылғы 13 желтоқсанда жоғалған. Сол күні сағат 15:30-да ер адам байланысқа шыққаннан кейін хабарсыз кеткен. Полиция дерегінше, ер адамның телефоны Қызылорда маңындағы Талсуат ауылында өшіп қалған.
Белгілері: бойы 160 сантиметр, таз, арықша денелі, көзі қоңыр, екі қолында да үлкен татуировкалары бар.
Киген киімі: қараңғы түсті күртеше, қара шалбар, қара кроссовки, тоқылған бас киім. Өзімен бірге қасқырдың азу тісі салынған кулон және сұр чемодан болған.
Волонтерлердің мәліметінше, ер адам 2026 жылғы 30 наурызда өлі күйінде табылған.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


