Қарағанды облысында табиғи өрттердің алдын алу шаралары күшейтілуде

Қарағанды облысында табиғи өрттердің алдын алу шаралары күшейтіліп жатыр.

Қарқаралы ауданы, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында өрттің алдын алу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Өрттің таралу қаупін азайту және табиғи экожүйені сақтау мақсатында Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен ұлттық парк қызметкерлері бірлесіп, құрғақ шөптерді өртеп тазарту және жер жырту жұмыстарын атқарды.
Аталған алдын алу шаралары Қарағанды облысының барлық аудандарында кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.
Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ борышымыз!
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


