Тоқаев ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдады

🏛 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдап, ведомство жұмысының басым бағыттары мен ғылым және жоғары білім саласындағы стратегиялық бастамалардың іске асырылуы туралы баяндамасын тыңдады.
🎓 Министр адам капиталын дамыту экожүйесін құру шаралары, таланттарды басқарудың сквозной жүйесін іске қосу туралы мәлімет беріп, 2030 жылға дейінгі кадрларға қажеттілік болжамын ұсынды.
📚 Президентке жоғары білімге қолжетімділікті кеңейту, «Келешек» тетігін енгізу, саланы қаржыландырудың жаңа моделі және AI-Sana ұлттық қозғалысын іске асыру туралы да баяндалды.
🤖 Сонымен қатар AI-Enabled University жобасының іске қосылуы туралы ақпарат ұсынылды. Бұл — жасанды интеллектті білім беру және өндірістік үдерістерге интеграциялайтын жаңа типтегі индустриялық университет. Сондай-ақ инновациялық кластерлер мен наукоградтар құру жоспарлары айтылды.
🏭 Бұдан бөлек, өңірлік әкімдіктермен жоғары оқу орындарының өзара іс-қимылы арқылы DeepTech және күрделі өндірістерді дамыту моделіне көшу, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жобаларды іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатқаны хабарланды.
📊 Кездесу қорытындысында Президент жоғары білім сапасын арттыру, ғылымды дамыту және оны коммерцияландыру, инновациялық қызметті ынталандыру және жас ғалымдарды қолдау бойынша бірқатар тапсырма берді.
📷: akorda .kz
#Токаев #Нурбек #наука #образование #высшее_образование


