Сағыз ауылы: инфрақұрылымы дамыған, қоғамдық тәртібі жоғары елдімекен

🌿 Бірлігі мен берекесі жарасқан Сағыз ауылы
Атырау облысының Қызылқоға ауданында орналасқан Сағыз ауылы өңірдегі ынтымағы жарасқан елдімекендердің бірі саналады. Ауыл облыс орталығынан шамамен 250 шақырым қашықтықта орналасқан.
Елдімекенде бүгінде 1500-ден астам тұрғын үй бар, 9 мыңға жуық тұрғын өмір сүреді. Әлеуметтік нысандар қатарында 3 мектеп, 1 колледж және 3 балабақша жұмыс істейді.
Сағыз ауылы инфрақұрылымымен қатар, қоғамдық тәртіптің жоғары деңгейімен де ерекшеленеді. Ауыл тыныштығын қамтамасыз ету үшін мұнда 5 учаскелік полиция инспекторы қызмет атқарады. Олар тәулік бойы ауыл ішіндегі қауіпсіздікті бақылап, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізеді. Әрбір тұрғынның қауіпсіздігі тәртіп сақшыларының басты назарында.
Учаскелік инспекторлар ауыл халқымен тығыз байланыс орнатып, сенімге негізделген қарым-қатынас қалыптастырған. Тұрғындар да полиция қызметкерлеріне құрметпен қарап, қоғамдық тәртіпті сақтауға бірлесе атсалысады. Осындай өзара түсіністік пен жауапкершіліктің нәтижесінде Сағыз ауылында тұрақтылық пен тыныштық сақталып отыр.
#ЗАҢМЕНТӘРТІП #БІЗДІҢПОЛИЦИЯ
📱 POLISIA.KZ


