Атырау облысында жанжал атысқа ұласып, бір адам жараланды

Атырау облысында жанжал атысқа ұласып, бір адам жараланды.
Оқиға 27 сәуірде Индербор кентінде болған. Оқиға 30 жастағы жәбірленушінің үйінің ауласында орын алған. Жанжал барысында травматикалық қарудан оқ атылып, одан кейін шабуыл жасағандар оқиға орнынан қашып кеткен.
Кейін полиция қызметкерлері бағдарлау жариялап, екі күдіктіні ұстады. Олар — 2003 және 2004 жылы туған ағайынды, сондай-ақ Индербордың тұрғындары екені анықталған.
Жараланған ер адам аудандық ауруханаға жеткізіліп, оған операция жасалды. Қазіргі уақытта ол хирургия бөлімінде дәрігерлердің бақылауында.
Полиция не дейді
Атырау облысы полиция департаменті күдіктілердің анықталып, ИВС-ке қамалғанын хабарлады. Қазір кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
Сонымен қатар, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында да атыс болғаны айтылды: екі белгісіз адам бір жігітке оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен. Полиция кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын, екі күдіктінің анықталып, ұсталғанын мәлімдеген.


