Еңбек министрлігі зейнетақы жинақтарын алу шегін есептеу әдістемесін жаңартпақ

Зейнетақы жинақтары ең алдымен адамның зейнетке шыққаннан кейін тұрақты табыспен қамтамасыз етілуіне арналған. Ведомство бұл қаражатты кез келген уақытта ағымдағы шығындарға шешіп алуға болатын депозит ретінде қарастыруға болмайтынын еске салды. Мұндай қорғаныс әсіресе жас қазақстандықтар үшін маңызды, өйткені олардың болашақ зейнетақысы мемлекеттен берілетін базалық төлемнен және өз аударымдары есебінен қалыптасатын жинақтаушы бөліктен құралады.
Қазіргі қолданыстағы әдістеме шектен асатын жинақтың бір бөлігін алуға мүмкіндік береді, алайда ол идеалдандырылған сценарийге сүйенеді. Модель адам міндетті зейнетақы жарналарын ай сайын аударуды жалғастырып, қартайған шағында қажетті соманы жинайды деп болжайды. Бұл ретте өмірдегі нақты жағдайлар, мысалы, белгілі бір кезеңде тұрақты жұмыс пен тұрақты табыстың болмауы ескерілмейді.
Сондай-ақ түзету соңғы үш жыл ішінде ең төменгі жеткіліктілік шегінің мәндері қайта қаралмағанымен байланысты.
Осыған байланысты ведомство экономикалық негізделген (актуарлық) тәсілге сүйенетін жаңа есептеу әдістемесіне көшеді. Енді есептеу күтілетін өмір сүру ұзақтығын, қаражаттың табыстылығын және болашақ төлемдердің мақсатты көрсеткіштерін ескеретін болады.
«Наглядный пример: Для понимания рисков снятия накоплений приведен пример 46-летнего вкладчика, на счету которого имеется 11 млн тенге. Поскольку для его возраста порог составляет 7,8 млн тенге, сегодня он может изъять 3,2 млн тенге. В случае снятия этих денег, его будущая ежемесячная пенсия из ЕНПФ будет на минимальном уровне (в сегодняшних реалиях это 70% от прожиточного минимума, или 35,6 тысяч тенге). Если же вкладчик не станет изымать свои сверхпороговые средства сейчас, в будущем он будет получать пенсию почти в 2 – 2,5 раза больше», — сообщили в пресс-службе Минтруда.
Енгізіліп жатқан өзгерістердің негізгі мәні — бүгін қаражаттың бір бөлігі пайдаланылғанның өзінде, ертең лайықты зейнетақымен қамту үшін жеткілікті көлемдегі ақша адамның шотында кепілді түрде сақталуы. Мемлекет азаматтарының ұзақ мерзімді мүдделерін жүйелі түрде қорғап, қартайғанда әрбір қазақстандықтың өзін қаржылық тұрғыдан қорғалған сезінуіне жағдай жасауды көздейді.


