Power Slap: қазақстандық ауыр салмақтағы Закир Найманбаев рейтингтің топ-3 қатарына кірді

Power Slap жекпе-жек лигасында ауыр салмақта өнер көрсететін Қазақстан өкілі Закир Найманбаев промоушеннің жаңартылған рейтингінде өз дивизионы бойынша топ-3 қатарына кірді.
Лиганың баспасөз қызметі спортшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды. Power Slap ұйымы UFC президенті Дана Уайтқа тиесілі екені атап өтілді.
Жаңартылған тізімде қазақстандық ауыр салмақтағы спортшы Закир Найманбаев өз позициясын күшейтіп, дивизионның үздік үштігіне енді. Рейтингтің екінші сатысында Нейт Бернард, ал бірінші орынды Дориан Перес сақтап тұр. Ауыр салмақтағы Power Slap чемпионы — Дэмиен Диббелл.
Найманбаевтың соңғы жекпе-жегінде ол америкалық күш иесі Уэсли Менмен кездесті. Бұл айқас Power Slap 18 турнирі аясында 6 наурызда Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) өтіп, қазақстандық спортшының бірауыздан қабылданған шешіммен жеңісімен аяқталды.
Қазіргі уақытта Закир Найманбаев Power Slap лигасында 5 жекпе-жек өткізіп, үш жеңіске қол жеткізген.
Power Slap промоушені 2022 жылы құрылған. Ал 2023 жылдың қаңтарында "Power Slap: Дорога к титулу" шоуының премьерасы өтті. Онда бірнеше спортшы бір үйде тұрып, кейін командаларға бөлініп, бір-бірімен Гран-при форматында бақ сынасты.
Қазір Power Slap — әлемдегі пощечина турнирлерін өткізетін жетекші ұйым. Ол Невада штатының Атлетикалық комиссиясы тарапынан лицензияланған және санкцияланған.


