Курорттағы қонақүйдегі шоу кезінде жылан шаққан Германия азаматы көз жұмды

57 жастағы Германия азаматы курортта отбасымен бірге демалып жүрген кезде қонақүйлердің бірінде өткен қойылымға барған.
Бағдарлама аясында көрермендерге рептилиялармен байланыс жасауға — оларды қолына ұстап, мойнына қоюға — рұқсат етілген.
Көрсетілім кезінде жылан арбаушы ер адамға жыландардың бірін шалбарына кіргізуге мүмкіндік берген. Осыдан кейін жылан оның аяғын шағып алған. Полиция мәліметінше, жәбірленушіде ауыр улану белгілері дерлік бірден байқалып, жағдайы күрт нашарлаған.
Ер адамға оқиға орнында алғашқы көмек көрсетіліп, кейін шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Алайда жүргізілген реанимациялық шараларға қарамастан, оны аман алып қалу мүмкін болмаған — ол бірнеше сағаттан соң көз жұмған.
Оқиға фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Токсикологиялық сараптама тағайындалып, қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталуда.


