БЖЗҚ қазақстандықтарға ескертті: біржолғы зейнетақы төлемдері делдалсыз және комиссиясыз жүргізіледі

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) қазақстандықтарды тағы да ескертті: біржолғы зейнетақы төлемдері делдалдарсыз және комиссиясыз жүргізіледі.
Зейнетақы жинақтарын алу Әлеуметтік кодексте қатаң белгіленген жағдайларда ғана мүмкін. Атап айтқанда, бұл:
- зейнет жасына толу;
- 1 немесе 2 топтағы мерзімсіз мүгедектік;
- тұрақты тұруға (ПМЖ) кету;
- мұрагерлік.
Зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсартуға және/немесе емделуге заңнамада белгіленген талаптарды сақтай отырып, төмендегі санаттар пайдалана алады:
- жинақтары ең төменгі жеткіліктілік шегінен (ПМД) асатын салымшылар (ПМД-дан асатын сома шегінде);
- зейнетақысы жоғалтқан табысының (бұрынғы жалақысының) кемінде 40%-ын құрайтын зейнеткерлер — олар шотта қалған жинақтың 50%-ына дейін пайдалана алады;
- еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер (жинақтың 100%-ына дейін);
- зейнетақы аннуитеті шартын жасаған салымшылар (жинақтың 100%-ына дейін).
Зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге немесе емделуге мақсатты пайдалану тек екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады.
Осыған байланысты, делдал қызметтері қажет емес. Сонымен қатар, БЖЗҚ ешқандай комиссия алмайды. Қор салымшылар мен алушыларға мұндай ұсыныстарды елемеуге, ақпаратты ресми дереккөздерден алуға және тек құқықтық өрісте әрекет етуге кеңес береді.
Зейнетақы жинақтарын алу және аудару мәселелері бойынша ақпаратты нақтылау және сұрақтарға жауап алу үшін БЖЗҚ бөлімшелеріне жүгінуге, сондай-ақ қашықтан enpf.kz сайты, БЖЗҚ/ЕНПФ мобильді қосымшасы, 1418 call-орталығы және WhatsАрp +7 777 000 1418 арқылы байланысуға болады.
Сондай-ақ ресми ақпарат БЖЗҚ-ның әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында жарияланған: «Одноклассники», Telegram, «Facebook», «В контакте» және «Instagram».


