Щучинскідегі «Центр плова Loft» кафесіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына қатысты тергеу жалғасуда

Ақмола облысының арнайы прокурорлары Щучинск қаласындағы «Центр плова Loft» кафесінде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы салдарынан абайсызда екі және одан да көп адамның қаза болуына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр.
20 сәуірде автомобиль газ құю станциясының директоры және газ баллондарын жеткізуші ұсталып, жеткізілді. Олар баллондарды толтыру және жеткізу қызметтерін көрсету кезінде заңнама талаптарын бұзды деген күдікке ілінді.
Күдіктілердің әрекеттері Қылмыстық кодекстің 306-бабы 3-бөлігі бойынша (тұтынушылардың өмірі немесе денсаулығы қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету, абайсызда екіден көп адамның денсаулығына зиян келтіруге және адамның өліміне әкеп соғу) сараланды. Бұл бап 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Сот санкциясымен күдіктілердің біріне қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы, екіншісіне — үйқамақ қолданылды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Іс бойынша түпкілікті шешімді сот қабылдайды.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мән-жайлар жария етілмейді.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


