Сот Секербаеваға 40 АЕК көлемінде айыппұл салды

Сот отырысында Секербаева мен жәбірленуші арасындағы төбелес елордалық кафелердің бірінде болғаны анықталды.
Прокурор Секербаеваға 40 сағат қоғамдық жұмыс тағайындауды сұрады. Алайда айыпталушы өз кінәсін мойындамады. Оның адвокаттары қорғауындағы адамды ақтауды өтінді.
Сот қылмыстық теріс қылықтың алғаш рет жасалғанын жеңілдететін мән-жай ретінде таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Нәтижесінде сот шешімімен Секербаева 40 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуі тиіс.
0
Войдите, чтобы оставить комментарий
Загрузка комментариев...


